Жас, белсенді және сәтті адамдар әрдайым болашағын ойлайды. Бүгінгі таңда негізгі басымдықтың бірі шет тілін білу болып табылады. Бүкіл әлемде 110 миллионнан астам адам неміс тілінде сөйлейді. Бұл тіл Еуропада ғана емес, сонымен қоса бүкіл әлемде де әйгілі, ол Германия, Австрия және Швейцария үш еуропалық мемлекеттің ресми тілі болып табылады. Әр адам минимум күш салып, максималды нәтиже алғысы келетіні сөзсіз. Тілді үйренуде жеңіл жол табу өте қиын, бірақ мақсаттарыңызды жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайларды алуыңызға болады. Бұған сізге «Au Pair» бағдарламасы көмектеседі.
Au Pair — бұл бүкіл әлем бойынша жас адамдарға шетелде шетелдік жанұяда тұруға мүмкіндік беретін халықаралық мәдени алмасу бағдарламасы. Au Pair бағдарламасы 1986 жылы балаларды бағу элементтерімен білім беру және мәдени алмасу ретінде әзірленген. Au Pair бағдарламасы Еуропа Одағымен осыдан шамамен 40 жыл бұрын бекітілген.
Au Pair бағдарламасының мақсаты
Au Pair бағдарламасының негізгі мақсаты жас адамдардың шетелдік жанұяларда бір жыл бойы тұруын ұйымдастырып, олардың шет тілін білуін жетілдіру және басқа елдің дәстүрлерімен, мәдениетімен таныстыру болып табылады. Au-Pair бағдарламасы балалармен уақыт өткізіп, тіл білімін жетілдіріп және елмен танысып, шетелде қабылдаушы жанұяларда тұруды қалайтын жастар үшін арнайы жасалған. «Au Pair» бағдарламасы аяқталғаннан кейін Сізде Германияның ЖОО-на тегін оқуға түсу құқығыңыз бар.